04
июнь
2023
Табиғат аясында серуен
Күні: 04.06.2023 Тақырып:Табиғат аясында серуен
Күннің барысы:
1. Балаларды қабылдау, танысу: келген баланың ата-анасымен, өзімен амандасып, лагерьдің күн тәртібімен, алға қойған мақсатпен, жоспармен таныстыру. Өзара танысу мәдениетін қадағалау, балалардың ішінен басшылыққа лайықтысын анықтау, топ басшысын сайлау.
2. Таңертеңгі жаттығу: биге лайықты музыка ырғағымен жаттығу жасату.
3. Лагерь ережесімен таныстыру: Лагерь іші-сыртына саяхат жасау арқылы таныстыру, дұрыс-журіп тұруларын қадағалау.
4. Серуен: Балаларды сырғанақта ойнату, гүлдерді тамашалап, ауылдағы басқа өсімдіктерге бақылау жасату.
5. Серуен: Балаларды далаға шығарып ойын ойнату.
6. Балаларды үйге қайтару: Тәрбиешілерге өзара біріне –бірі саулық тілеп, дұрыс көңіл күйлермен қайтуын қадағалау.

