23
май
2025
"Мектебім, саған мың алғыс!"
Сағакүрес орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 23-мамыр сағат 09:00 де орталық алаңда мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары және ата-аналарының қатысуымен "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында салтанатты жиын өтті. Шараға зейнеткер ұстаздар, арнайы қонақтар шақырылып, оқушылар мадақтамалармен марапатталды. Мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әр бір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу.



