06
июнь
2022
Эстафеталық жарыстар
«Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен »коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күні: 06.06.2022 ж
Эстафеталық жарыстар
Таңғы жаттығу (қабылдау)
І. Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: шахмат
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды қабылдау, амандасу. Жаттығу жұмыстарын жасату. Сабаққа көңіл аудару.
ІІ. Жаңа сабақ
Бүгін балалар сендермен жұмбақ жасырып ойнаймыз. Әр жұмбақ сөздің ішінде бір жауабы болады.
Ал балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешіңдер!
- Айдалада ақ отау,
Аузы мұрны жоқ отау (жұмыртқа)
- Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой)
- Сырты қатты, іші тәтті. (қарбыз)
- Қыста үйге кірмейді,
Көктем шықса жүрмейді (шана)
- Белі бүкір, алысқа түкір. (мылтық)
- Ти десем тиеді, тиме десем, тиеді. (ерін)
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту. Балалармен шахматтан жарыс

