31
декабрь
2021
«Өз қолыңызбен жасалған сыйлық- ең керемет сыйлық!»
Сағакүрес негізгі орта мектебі бойынша 2021 жылдың
30 желтоқсанынан 2022 жылдың 09 қаңтарына дейінгі аралықта «Қазақстан балалары –қысқы ертегі» балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша қысқы демалыстың жоспары бекітіліп, іс-шаралар жүргізілді. Мақсаты: Қысқы демалыс кезінде оқушыларға қауіпсіз жағдай жасау.
31 желтоқсан күні «Балалар шеберлік сыныптары» атауымен шағын орталықта балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту, қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай отырып, табиғаттың ерекшелігін сезінуге үйрету, көркемдік талғамын, ой-өрісін дамыту мақсатында «Қысқы қиял» шығармашылық жұмыстарынан онлайн көрме ұйымдастырылды (Тәрбиеші: З.Дәулетхан) Мектеп кітапханашысы М.Қалиақпарова мен МАД тобының тәрбиешісі Н.Сейлханова оқушылардың жаңа жыл туралы түсініктерін тереңдету, қиялдау, елестету дағдыларын дамыту, бауырмашылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жаңа жыл символы постерлер байқауын өткізді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі М.С. Исагулов жаңа жылдық плакаттар байқауын ұйымдастырып, постер қорғатты. Сонымен қатар «Өз қолыңызбен жасалған сыйлық- ең керемет сыйлық!» тақырыбында жаңа жылдық онлайн шеберхана ұйымдастырылды.