15
December
2020
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау
Ақсу ауданы, Сағакүрес негізгі орта мектебінде 2020 жылы15-ші желтоқсан күні мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымына санитарлық талаптарды сақтай отырып қабылдау рәсімі өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымының мақсат, міндеттерімен, ережелерімен таныстырылды. «Жас Ұлан» ұйымына 5 сыныптан 12 оқушы мүшелікке қабылданды. Құттықтау сөз оқу- тәрбие ісінің орынбасары Б.ЕБимуханбетова және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Д.А. Кызайбаеваға берілді.