13
March
2019
Қазақстан - мейірімділік мекені
Сағакүрес негізгі орта мектебі «Қазақстан – мейірімділік мекені» ұранымен өткізілетін республикалық балалар бастамасы аясындағы іс-шаралар өтілді. «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық бастамасын өткізу туралы мектепішілік 2019 жылғы 21 қаңтардағы №9 бұйрығы шығарылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.
Республикалық балалар бастамасының мақсаты – балалармен жастардың айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға мейіріммен қарап, қайырымдылық істер жасауға және табиғатты аялап, қамқорлық танытуға, олардың қатысуымен қайырымдылық акцияларын қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастыру.
28-31 қаңтар аралығында «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастырылуымен «Бірге көмектесейік» қар тазалауға көмек акциясы өткізілді. Акция барасында ұйым мүшелері ауыл тұрғыны, зейнеткер Молдахметов Рысбай, қарт ұстаз Ошақбаева Күлипанның ауласын тазалауға көмек көрсетті. Оған 18 оқушы, 2 мұғалім қатысты. 04.02.-08.02. аралығында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі М.С.Сериков 5-7 сыныптармен «Эстафеталық жарыстар» ұйымдастырды. 18 ақпан күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Д. Кызайбаева , 8 сынып жетекшісі «Қазақстан – мейірімділіктің мекені» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. 20.02.- 26.02. аралығында «Біздің ата-әжелерімізге» атты ата-әжелерге арналған қағаздан жасалған бұйымдар көрмесі өткізілді.(жауапты: Г.И.Тымақбаева, М.С.Исағұлов).