05
March
2019
Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік
2018 жылы 13-ші желтоқсан күні «Мың бала» ұйымының
ұйымдастыруымен мектеп оқушыларын «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі мен Тәуелсіздік күніне орай
салтанатты жиыны өткізілді. Топ
басшылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне бірыңғай «Жас ұлан»
балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары
туралы рапорт тапсырды. «Жас
ұлан» ұйымының мақсат, міндеттерімен, ережелерімен таныстырылды. «Жас қыран» ұйымына 1 сыныптан 6 оқушы, «Жас ұлан»
ұйымына 5 сыныптан 7
оқушы, барлығы 13 оқушы мүшелікке қабылданды.
Құттықтау сөз оқу- тәрбие ісінің орынбасары Б.Е
Бимуханбетоваға және орыс тілі пәнінің мұғалімі А. Немеребаеваларға берілді. Салтанатты
жиынның соңы
7 сынып оқушыларының әзірлеген «Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік» атты әдеби-сазды
бағдарламасымен аяқталды.