2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының ата-аналармен бірлесе жасалынатын жұмыс жоспары » "Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқарамасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
" Сағакүрес орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының ата-аналармен бірлесе жасалынатын жұмыс жоспары
31
август
2021

2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының ата-аналармен бірлесе жасалынатын жұмыс жоспары


«Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық   мемлекеттік мекемесі
2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының   ата-аналармен 
бірлесе жасалынатын жұмыс жоспары

Жұмыс мазмұны түріМерзімі Жауапты 
11.1.Тоқсан сайын 1-9 сыныптар бойынша ата-аналар жиналысын өткізу.
1.2.Мектепішілік  ата-аналар жиналысын өткізу.
1.1-жиналыс.
 Күн тәртібі:
 А)Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылау.
 Ә)Жаңа құрамды сайлау.
 Б)Жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру
В) Келісім шартқа отыру
Г) Жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру
Жиналыс
Хаттама 
Тоқсан сайын
қыркүйек
Сынып жетекшілер 
ДТЖО
2«Отбасы – бақыт мекені» 
 1-9 сынып
Апталық
Жоспар бойынша
қыркүйекДТЖО
3Мектепішілік есепте тұрған оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесуӘңгіме хабарламаҚазанӘлеуметтік -педагог
42-жиналыс.
 Күн тәртібі:
А) Мектеп оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары
   /құқық пәнінің мұғалімі Тымакбаева Г.И./
 Ә) Тыйым салынған сайттарға кіруі және әлеуметтік желідегі оқушылардың отыруы, мониторинг /Карибаев Ж.Б. /
Б) Жасөспірімдерді зорлық –зомбылықтан сақтау жолдары/мектеп психологы Исагулов М.С.
Жиналыс
Хаттама 
ҚазанСынып жетекшілер 
ДТЖО
5«Отбасындағы қолайсыздық-құқық бұзушылықтың негізгі себебі»әңгімеқарашаПедагог-психолог
Исагулов М.С.
6Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі
5-9 сынып ата-аналары
пікірталасқарашаБакежанова А.К.
7Балалардың жағымсыз сайттарға кіруін қадағалау бойынша ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізутаныстырылымжелтоқсанПедагог психолог
83-жиналыс
Күн тәртібінде:
1.Балалардың жеке бас гигиенасын сақтау /Бақытнұр Г./ 
2.Қысқы демалыс күндеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі
    /ДОТЖО Бимуханбетова Б.Е./
Жиналыс
хаттама
желтоқсанМектеп әкімшілігі
Сынып жетекшілер
9«Толағай»
1-4 сынып ата-аналары мен балалары
 отбасылық спорттық сайысҚаңтар Сериков М.С..
 Исагулов М.С.
10Ата-аналар комитетімен бірлескен рейд ұйымдастырурейдАқпанДОТЖО
114-жиналыс
Күн тәртібінде:
  1. Білім-болашақтың кілті /баяндама/
      /Мектеп директоры М.Ы.Ғазизова/
2. Суидцидтің алдын алу жолдары      /видеоролик, баяндама
  /педагог-психолог Исагулов М.С./
 3. Діни экстреммизм мен терроризм-дерт
            /тарих пәнінің мұғалімі  Бексұлтанов Н.Т/
Жиналыс
Хаттама
НаурызДОТЖО
12Ана-өмір шырағы
/көп балалы аналарға құрмет көрсету/
кешНаурыз Аналар мектебі
134-жиналыс.
 Күн тәртібінде:
 А) Ата-аналар комитетінің  жылдық есебі
Ә) жазғы уақыттағы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
    /Бимуханбетова Б.Е./
Ә) Марапаттау рәсімі Б)Ағымдағы мәселелер.
Жиналыс
Хаттама
Мамыр ДОТЖО


«Сағакүрес инегізгі  орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық   мемлекеттік мекемесі
2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының жалпы  ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары

ЖиынТақырыбыМерзіміЖауаптылар
1- жиын1.1-жиналыс.
 Күн тәртібі:
 А)Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылау.
 Ә)Жаңа құрамды сайлау.

 Б)Жаңа оқу жылындағыбілім саласындағы өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру
В) Келісім шартқа отыру
Г) Жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру
қыркүйекБ.Е.Бимуханбетова
Б.Е.Бимуханбетова
Ата-аналар комитеті Қалияхметова А.Ж.
 
 
Сынып жетекшілер
Базаралина Н.О.
2- жиынА) Мектеп оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары

 Ә) Тыйым салынған сайттарға кіруі және әлеуметтік желідегі оқушылардың отыруы, мониторинг 
  1. Б) Жасөспірімдерді зорлық –зомбылықтан сақтау жолдары/
қараша/педагог –ұйымдастырушы Тымакбаева Г.И.
Б.Е.Бимуханбетова
мектеп психологы Исагулов М.С.
3- жиын1.Балалардың жеке бас гигиенасын сақтау
2.Қысқы демалыс күндеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі
қаңтарМедбике Абдіғалымова Ғ.
ДОТЖО Б.Е.Бимуханбетова
4-жиын. Күн тәртібінде:
  1. Білім-болашақтың кілті /баяндама/
2. Суидцидтің алдын алу жолдары      /видеоролик, баяндама
 3. Діни экстреммизм мен терроризм-дерт
 
 
наурызМектеп директоры М.Ы.Ғазизова
Педагог-психолог Исагулов М.С.
Тарих  пәнінің мұғалімі  Бексұлтанов Н.Т.
5-жиынА) Ата-аналар комитетінің  жылдық есебі
Ә) жазғы уақыттағы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
    /Бимуханбетова Б.Е./
Б) Марапаттау рәсімі
 В)Ағымдағы мәселелер
мамырАта-аналар комитетінің төрайымы
Бимуханбетова Б.Е.
Мектеп директоры

«Сағакүрес негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің 
мектепішілік ата-аналар  жиынының
№ 1 ХАТТАМАСЫ
04  қыркүйек 2021 жыл                                                                     Сағакүрес ауылы
Өткен орны:
Сағакүрес негізгі орта мектебінің базасы
Өткізілген уақыты:
15.00
Өткізілу форматы: қашықтықтан
Төрағалық еткен:                                                          Мектеп директоры Ғазизова 
                                                                                            Марал Ыдырысқызы
Хатшы:                                                                             Сағакүрес негізгі орта
                                                                                          мектебі директорының тәрбие 
                                                                                          жұмысы жөніндегі орынбасары
                                                                                         Бимуханбетова Б.Е.
Шақырылғандар: Сағакүрес негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, қамқоршылық кеңестің мүшелері - 9, ата-аналар – 65,  қоғамдық ұйымдар – 1.
Қатысқаны: Мектеп мұғалімдері, әкімшілігі, ата-аналар -55, қамқоршылық кеңес-6, қоғамдық ұйым/әкімшіліктен/-1
КҮН ТӘРТІБІНДЕ.
  1. Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылау
/мектеп директоры  Ғазизова М.Ы./
  1. Жаңа құрамды сайлау.
/тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   Бимуханбетова Б.Ы./
  1. Жаңа оқу жылындағы білім саласындағы өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру
 /Оқу ісі жөніндегі орынбасары Бимуханбетова Б.Е./
  1. Келісім шартқа отыру
/тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимуханбетова Б.Е./
  1. Жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру
/оқу ісі жөніндегі орынбасары Бимуханбетова Б.Е./
Тыңдалды.
1-мәселе Өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарды қортындылау
Мектеп директоры Ғазизова М.Ы. өткен оқу жылы бойынша 2020-2021 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, таныстырып шықты.
/қосымша есебі тігілді./
Шешімі.
1.2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деңгейде деп танылсын. 
2. 2021-2022 оқу жылында өткен оқу жылы бойынша кеткен кемшіліктерді баса назарға ала отырып, жаңа оқу жылында сол кемшіліктерге түзету жұмыстары жоспарға енгізіле отырып дұрысталсын.
2- мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимуханбетова Б.Е таныстырды.
Шешімі. Ата-аналарға таныстырылған құқықтары мен міндеттерінің орындалуы қадағаланып отыруы  ата-аналар комитетіне  және мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілерге  міндеттелсін.
3-мәселе бойынша  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бимуханбетова Б.Е жаңа оқу жылындағы білім саласындағы өзгерістерді таныстырды. 
Биылғы жылы білім саласындағы өзгерістер едәуір болып тұр. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің №345 бұйрығы негізінде оқу процесі ұйымдастырылады. Оқушылар санитарлық-гигиеналық талаптарды орындай отырып мектепте штаттық режимде оқытылады.
Биылғы оқу жылында оқушыларды бағалау бойынша өзгерістер енгізілді. Оқушылардың бағалауда қалыптастырушы бағалау тоқсандық бағаның 25 % құрайды. Оқушылардың білімін бағалауда БЖБ   1-тоқсанда 1 рет алынады.
Шешімі. 
  1. Оқушылар санитарлық –эпидимиалогиялық талаптарды сақтай отырып мектепке келуі ата-аналарға тапсырылсын. 
  2. Оқушылардың мектептегі санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалау сынып жетекшілерге тапсырылады.
  3. Қалыптастырушы бағалау негізінде оқушылардың күнделікті бағалануы ата-ана тарапынан бақылауда ұсталсын.
  4-мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимуханбетова Б.Е таныстырып өтті.
1. Келісімшарт тараулары
1.1 Келісімшарт мекеме директоры мен оқушылардың ата-анасы арасында жасалды.
1.2 Келісімшарттағы шарттарды орындауға екі жақ міндетті.
2.Оқушыларды қабылдау
2.1 «Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  оқушы ата-аналардың өтініші бойынша  қабылданады /күні,айы,жылы/
2.2  Оқушы  _________________________________________________________қабылданды.
 (Аты-жөні,туған жылы, айы )  
2.3 Сабақта болатын уақыты  1-ауысым  08:00-ден 13:00 – ге дейін
                                                   2- ауысым 13:00-ден 18:50- ге дейін
2.4 Демалыс күндері: сенбі, жексенбі
2.5 Жазғы демалыста, сырқаттанған жағдайда,емделу кезінде және карантин уақытында баланың мекемедегі орны сақталады.
3. Ата-анаға қойылатын талаптар
 «Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде,  мектеп  Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға;
  1. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
  2. Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
  3. Сабақ кестесіне сәйкес оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге;
  4. Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын /классикалық үлгі/ сақтауын қадағалауға;
  5. Баланың сабақтан тыс іс шараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
  6. Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
  7. Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
  8. Баланы сабақтан бос уақытында, түнгі уақытта және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
  9. Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға, штаттық режим ережесіне сай маскамен келуін қамтамасыз етуге;
  10. Баланың қалтасында өткір, үшкір, түйрейтін, кесетін, улы заттармен (пышақ, қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;
  11. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
  12. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
  13. Балаға сағат жазғы уақытта 21.00 дан, қысқы уақытта 20.00 бастап далада жүруіне тыйым салуға;
  14. Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
  15. Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
  16. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.
  17. Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлу;
Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі
  1. Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
  2. Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
  3. Ата-ана баласын мектеп формасымен /классикалық үлгі/, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
  4. Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.
  5. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
  6. Сынып жетекшісімен алдын- ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.
  7. Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
  8. Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
  9. Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен, балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады. Штаттық режимде оқыуына байланысты мектепке кіруге тиым салынады.
4. Ата-ана міндеті
4.1 Мекеме қызметкерлеріне сыпайылық танытуға
- Қызметкерлер жағынан дөрекілік,қателік болған жағдайда директорға ескертулері қажет.
4.2 Санитарлық гигиенаны сақтау, мектеп ережесін орындау: баланы оқу орнына мектеп формасымен /классикалық үлгіде/ және оқу құралдарымен жіберу шарт.
4.3. Мұғаліммен тығыз байланыста болуға, тәрбиелеуде, білім алуына белсенділік таныту, «Ашық есік» күндеріне  қатысу.
4.4. Сабақтан қалған жағдайда міндетті түрде сынып жетекшісіне хабарлау.
4.5.  Келісімшарттағы  барлық  талаптарды орындаулары  керек.
5. Ата-ана құқығы
  5.1  Оқушы туралы кез келген мәлiметтi алуға, пән мұғалiмдерi мен психологтан жеке кеңес алуға;
  5.2. Мұғалiм келiсiмiмен сабаққа қатысуға, сабақтың қорытындысын талдауға;
  5.3. Мектептегi кез келген шараларға қатысуға;
  5.4. Мектептегi өз  баласының  мүддесiн қорғауға;
  5.5. Оқу - тәрбие жұмыстарының сапасын талап етуге;
  5.6. Бала денсаулығына  келтiрiлген  зияндықтардың орнын толтыруды талап етуге; жұмсалған шығындардың есебiн талап етуге. 
  5.7. Мектеп пен ата-ана арасында жасалған келiсiм - шартты орындауға;
  5.8. Мектептiң  Жарғы талаптарын орындауға;
  5.9. Мектептiң материалдық базасын кеңейту мен ұйымдастыруда өз мүмкiншіліктерінше қатысуға;
  5.10 Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.
  5.10. Мектеп басшыларының өтiнiшi бойынша мектептегi үлкен шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысуға;
  5.11. Ата-аналар түрлі  қоғамдық  және бірлестік  жұмыстарға  қатысуға құқықты.
  5.12. Балалармен жұмыс жүргізуді  жақсарту жағдайында өз ойларын  айтуға, қосымша көмектер ұйымдастыруға құқықты.
  5.13. Келісім  шарттың  орындалуын  қадағалауға.
6. Оқушының құқығы
    6.1. Жарғыда кепілдік берілген, мемлекеттік стандартқа сай   деңгейде білім   алу;
    6.2. Өздерінің сынып бөлмелерін сақтау және оқу-тәрбие үрдісінің  сапасына қатысты өз пікірін білдіру;
  6.3. Мектеп бітірген соң білімін арнаулы оқу орындарында жалғастыру;
  6.4. Оқушыларды қоғамдық, қоғамдық-саяси ұйымдар, қозғалыстар мен  партиялар лажсыз  кіргізуге, сондай-ақ бұл ұйымдардың қызметіне  қатысуға жол берілмейді. Мектеп білім беру саласында мемлекеттік саясат   принциптерін сақтайды, діни және ақсүйектілік білімге бөлінбейді.
7. Оқушының міндеті
   7.1. Білім бағдарламалары мен жоспарларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындау;
   7.2. Өзінің мәдени деңгейін жүйелі көтеруге, мектеп формасын сақтауға;
  7.3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін  қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру;
   7.4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп  директорының, мұғалімдердің, педагогикалық ұжымның нұсқаулары мен  бұйрықтарына, сондай-ақ сынып жетекшісінің нұсқаулары мен мектептің  кадрларына бағыну.
   7.5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:
   * үлкендерді құрметтеу;
   *басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
   *өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы   қам жеу.
    7.6. Мектеп  оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
   7.7. Сабаққа кедергі жасайтын түрлі техникалық құралдарды (ұялы телефон, аудио, видеоплеер, құлақ қап т.б ) әкелуге тыйым салынады.
   7.8. Мектеп ғимаратын, мектеп мүлкін сақтауға мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау;
   7.9. Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысу;
   7.10. Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.
Оқушылардың мектеп формасы
8.1. Ата-аналар комитеті жиналысының №1  хаттамасына сәйкес бекітілген  мектеп формасын сақтауға және киюге құқылы: (киім үлгілері мектеп ЕРЕЖЕСІНДЕ бар)
8.2.Ұл балалар үшін:  классикалық (іскер) үлгідегі костюм - шалбар. Бір түсті жейде, бір  түсті галстук, төс белгі.
 8.3. Қыз балалар үшін: бір түсті юбка - костюм, бір  түсті жейде,  бантик.
 8.4. «Жас ұлан» ұйымы мүшелері (5-9 сынып оқушылары) көк түсті галстук, «Жас қыран» ұйымының мүшелері төсбелгі тағуға міндетті.
 8.5. Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.
 8.6. Мектепте себепсіз сыртқы киіммен және көше киіммен жүруге болмайды.
 8.7.Салтанатты жиналыстарға және жалпы мектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.
9. Мекеме  құқығы
9.1 1 –сыныпқа оқушыларды  қабылдау ата-аналардың өтініші негізінде  қабылдау.
9.2 9- сынып оқушыларын мектеп есебінен шығару.
9.3 Ауырып тұрған баланы ата-анасына хабарлау.
9.4 Ата-аналар өз  міндеттерін орындамаған жағдайда келісімшартты бұзуға  құқылы. Бұл жөнінде ата-аналар алдын-ала ескертіледі.
9.5. Себепсіз қалған баланы анықтау.
9.6. Жанұядағы бала тәрбиесіне мән беруге.
9.7 Оқушылар кітапханадан алған кітап үшін материалдық жауапкершілікке тартылады.
9.8 Егер оқушы кітапханадан кітап алып, қайтармаса, білім туралы құжаттар берілмейді.
10. Қорытынды
10.1 Келісімшартты ата-аналар себепсіз бұзу жағдайында мектеп әкімшілігіне алдын-ала ескертулері керек.
10.2 Келісім шарт 2 данада жасалған: ата-анаға және мектеп директорында
10.3 Келісімшарт қол қойылған уақыттан бастап жүзеге асады. Өзгерту немесе толықтырылу енгізілген жағдайда  ғана қайта жасалады.
10.4 Екі жақ қол қойып, мемлекеттік мекеменің мөрі қойылған кезден бастап келісімшарт күшіне енеді.
Шешімі. 
  1. Ата-аналармен мектеп арасындағы екі жақты келісімшарт негізінде1-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен  келісімшартқа отырғызылсын
5-мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстырды.

 Мектеп директоры                                                                     М.Ы.Ғазизова                               
Ата –аналар комитетінің төрайымы                                                   А.Қалияхметова
Хатшы                                                                                     Б.Е.Бимуханбетова


«Сағакүрес негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің 
мектепішілік ата-аналар  жиынының
№ 2 ХАТТАМАСЫ

05 қараша  2021 жыл                                                                         Сағакүрес  ауылы
Өткен формасы:Офлайн формат
Өткізілген уақыты: 15.00
Төрағалық еткен:                                                          Мектеп директоры Ғазизова 
                                                                                            Марал Ыдырысқызы 
Хатшы:                                                                             Сағакүрес негізгі орта
                                                                                          мектебі директорының тәрбие 
                                                                                          жұмысы жөніндегі орынбасары
                                                                                        Б.Е.Бимуханбетова
Шақырылғандар: Сағакүрес негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, қамқоршылық кеңестің мүшелері - 9, ата-аналар – 65,  қоғамдық ұйымдар – 1.
Қатысқаны: Мектеп мұғалімдері, әкімшілігі, ата-аналар -48, қамқоршылық кеңес-6, қоғамдық ұйым/әкімшіліктен/-2
КҮН ТӘРТІБІНДЕ.
1. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары 
                 /педагог –ұйымдастырушы Тымакбаева Г.И./
 2.Тыйым салынған сайттарға кіруі және әлеуметтік желідегі оқушылардың отыруы 
                 /Бимуханбетова Б.Е. /
3. Мектеп жасындағы бала және  жыныстық тәрбие
                  /мектеп психологы Исагулов М.С./ 
Тыңдалды.
1-мәселе бойынша оқу-тәрбие ісінің орынбасары Б.Е.Бимуханбетова  таныстырды.
Мектебімізде үйірмелердің жүргізілуі туралы,оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға байланысты мектепте 5 үйірме өтеді.
Р.сҮйірме атауыСыныбыОқушы саныҚыз бала саныЖетекшісіАқылы Ақысыз 
1Қызықты грамматика2147Б.Е.Бимуханбетова+
2Елтану3177Б.Е.Бимуханбетова+
3Ұлы дала ұлағаты484Б.Е.Бимуханбетова+
4Сөз сарасы6107Кызайбаева Д.А.
+
5Мөлдір бұлақ9107Саудабекова А.К.
+
барлығы5932












Спорт секциясы бойынша мәлімет
Спорт секциясының түріҚатысатын оқушыжетекшісі
ұлқыз
Волейбол015Айтқали С.С.
Футбол 150Сериков М.С.
Дойбы88Махсатұлы Д.
Ұлттық ойын89Айтқали С.С.
Барлығы3132
Барлығы 63 оқушы
Шешім.
  1. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүргізілетін үйірме жұмыстары және секция жұмыстарына оқушылардың уақытымен келуі ата-аналарға тапсырылсын.
2-мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимуханбетова Б.Е. таныстырды.
Біздің қазақ бір кездері «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар» демеп пе еді. Мұның өзі сол заманда ойын баласының да, еңбек баласының да болғанынан хабардар етіп тұрғандығы сөзсіз шындық. Ал қазір осы бір халық мақалынан мән кетпек түгіл, ол сәннен де шығып қалған. Өйткені, бұрынғының балалары далаға шығып, асыр-салып, зыр жүгіріп ойнаған ойындардың орны ойсырап тұрғалы қашан. Бұған қоса, балаларын жұмсаудан тартынатын аяншақ ата-аналар да көбейді. Керісінше, қазір телефонға телміріп, әлеуметтік желіге желімделген жас ұрпақтың «әй дейтін әжесі, қой дейтін қожасы жоқ» дәурені орнап тұрған қызу шақ. Ғаламтордың торына тұтқынға түскен сананың салдарынан, қоғам да құлдырап, құрдымға кетіп бара жатқандығы, өкініш тудырады.
Жасыратыны жоқ, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын интернет желісінің бүгінгі қоғамдағы маңызы аса жоғары болып тұр. Қажетті ақпаратқа лезде қол жеткізіп, ірілі-ұсақты шаруаларды үйден шықпай-ақ бірыңғайландыруда өте тиімді. Бұдан бөлек, таныстарыңмен байланыс орнатып, өзге де тыныс-тіршілікке араласуға септігін тигізеді. Алайда, белгілі бір шекарасында ғана. Мұның барлығы да бала жастан асып, есейіп есі кірген азаматтарға арналған ғаламтордың күллі ғаламды шарпыған алпауыт күшінің пайдалы тұсы. Дегенмен, қазір үйдің үлкендерімен жарысып, ғаламторға кіруге асығатын балалардың саны күрт өскен. Олардың интернеттің жілігін шағып, майын ішуде алдарына жан салмай отқандығы да бүгінгінің ащы шындығына айналды. Көңілді күпті ететін бұл мәселеге қатысты соңғы кездері балаларды ғаламтордың кесапатынан қорғау жайы жиі көтеріліп келеді. Бірақ та, тосқауыл боларлық дәнеңе табылмағандықтан, бұл мәселенің өзектілігі одан әрі өрши түскенін білеміз. Осы тұста, әлеуметтанушылардың зерттеулері соңғы уақытта балалардың дамуы аса күрделі өзгерістерге ұшырап жатқандығын анықтап отыр. Тіпті, олардың күллі ғаламды уысына алған ғаламтор әлемінен өзге нәрселерге деген қызығушылықтары да бәсеңдеп қалған. Мамандардың айтуынша, ой-сананы өрістетіп, қабілетті дамытуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып жүрген  түрлі үйірмелер мен секцияларға, спорт саласына келетін бүгінгі балалар тез шаршағыш әрі ашушаң келеді. Саналарын әбден жалмап алған ғаламтордың тартылысының әсерінен бе, қолдары қалт етсе, қалта телефондарын қолдануға бүйректері бұрып тұрады екен. Бұл қазіргі кезде балалардың басым көпшілігін түрлі мобильді гаджеттер қызықтыратындығының айқын белгісі. Әлеуметтанушылардың сөзінше, бұл құралдар қуыршақтар мен үстел ойындарынан да маңыздырақ болып, оларға деген сұраныс күннен күнге артып жатыр. Мұндай қорытындыға ғалымдар 12 жасқа дейінгі балалары бар 350 ата-анаға сауалнама жүргізу кезінде келді. Зерттеу барысында, балалардың 60 пайызы планшет пен смартфонды жиі, ал 38 пайызы өте жиі қолданатындығы мәлім болған. Шамадан тыс қолданудың арты, балалардың денсаулықтарына әсер етіп, әлжуаздыққа алып келуде. Бүгінгі таңда, қоғам алдындағы ең маңызды міндет болып балалардың бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру мәселесінің алда келе жатқандығы да сондықтан. Жалпы статистикалық деректерге сүйінсек, Қазақстанда соңғы 10 жылда интернетті пайдаланушылар саны 19 есеге өсіп, 8,9 миллион адамды құрады. Соның ішінде 15-24 жас аралығындағы желі пайдаланушылардың үлесі 97 пайызға жеткен. Бұл елімізде ғаламторды ересектерден гөрі жасөспірімдердің көп қолданатындығын дәлелдейді. Tengrinews.kz сайтында қазақстандық балалар әлеуметтік желілерге басқа елдегі қатарластарына қарағанда көбірек кіретіндіктері айтылған. Зерттеу мәліметтеріне сенсек, қазақстандық балалар әлеуметтік желілерге компьютерлік ойындар мен интернеттегі өзге де қызықты контент үшін кіреді. Қазақстандық балалар интернеттегі белсенділігі жағынан Латын Америкасының балаларына ғана жол береді екен. Сонымен, Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріндегі балалардың шамамен 43 пайызы интернет-коммуникация құралдарын (әлеуметтік желілер, веб-пошта, чат және сол сияқты бағдарламалар) қолданады. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш бір жарым есе жоғары — 74 пайыз.   Ал мамандардың айтуынша, егер балалар әлеуметтік желілерге қызықпаса, онда олар компьютерлік ойындарды көбірек қолданады. Ал ересектерге арналған сайттарға келер болсақ, сарапшылар балалардың мұндай сайттарға кіру жағдайларының азайғанын айтып отыр. «Бұл категория көп уақыттан бері көш бастап келген еді, бірақ жағдай өзгерді. Қазақстандық балалардың 1 пайызына да жетпейтін бөлігі эротика тақырыбын іздейді екен. Ал Қытайда балалардың 23 пайызы ересектерге арналған сайттарға кіреді», — дейді Зертхана сарапшылары.
 Бұл ғаламторға тәуелділік атты жаңа дерттің біздің мемлекетте белең алып отқандығын  айғақтап отқандай. «Independent» басылымының мәлімдеуінше, адамның ғаламторға тәуелділігі ішімдік, кокаин немесе марихуанаға тәуелділікпен бірдей екен. Сол себепті, ғаламторға тәуелділік дертінің салдарынан балаларға келетін қауіптің басым екенін назардан тыс қалдыруға тіпті болмайды. Талай уақыттан бері алдыңғы орынға шыққан ғаламтордың пайдасымен қатар, зиянын да үнемі таразылап отыру қажет. Осы мәселеге байланысты, өткен жылы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл балаларды қауіпті интернет-контенттен заңмен қорғау керектігі туралы Үкіметке үндеу жолдаған болатын. Жалпы ғылымда азаматтардыңқұқықтары мен бостандықтарының сақталуын ешкімге бағынышты емес тұрғыда, тәуелсіз қадағалау және қорғау, сондай-ақ өз өкілеттігі шеңберінде бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қажетті шара­ларды жүзеге асырумен айналысатын омбудсмендер бар. Қазақстандық омбудсменнің Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған Үндеуінде жағымсыз ақпараттық ортаның ықпалынан балаларды қорғау мәселесі айтылады. Нақтырақ айтсақ, онда кәмелеттік жасқа толмағандарды суицидке шақыратын ойындардың ғаламторда кеңінен таралғандығы, ал оны шешуде терең сараптама мен жүйелі көзқарастың қажет екені алға тартылды. Осы орайда, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл интернет-қатынастары саласын заңнамалық тұрғыда жетілдіруді ұсынды. Сонымен қатар, Үндеуде Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына балалардың психикалық, эмоциялық, әлеуметтік дамуына кері әсерін тигізетін материалдарды жариялауға, көрсетуге рұқсат бермейтін нормативтік актілерді қабылдауды тездетуді жөн санаған болатын. Үндеуде Қазақстанның және өзге мемлекеттердің құқықтық базасын зерделеуге негізделген бірқатар ұсыныстар да орын алды. Мәселен, Ұлыбритания мен Ресей тәжірибесін зерттеген омбудсмен, біздің елге де «18 жастан асқандарға» немесе ұялы телефон интернетінде «балаларға арналған» контент жүйесін енгізу керек деген бастама көтерді. Қазір осы аталған ұсыныстар біртіндеп жүзеге асырылып жатса да, ғаламтордың ғажабына арбалған балалар тәуелділіктен толық арыла алмай келеді. Осыларға сәйкес, елімізде балаларға мектепке телефон, смартфон ұстап келулеріне тыйым салынған болатын. Ресми мәліметтерге сүйінсек, әлемнің АҚШ, Ұлыбритания елдері мен көршілес Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінде балалардың мектепте телефон ұстауларына мүлдем рұқсат етілмейді. Ал Ресей елінде 2010 жылы «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» заң қабылданған. Сондай-ақ, Қытайда 1992 жылы Кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғау туралы заңы бойынша, кәмелеттік жасқа толмағандарды зиянды әрекеттерден, әсіресе, ғаламторға тәуелділіктен қорғау ата-ананың міндеті деп бекітілген. Аспан асты елінде ғаламтор мәселесіне жіті назар аударылып, соның ішінде балалардың қадамына ерекше көңіл бөлінеді. Айталық, бұл елде бірқатар әлеуметтік желілер мен сайттарды пайдалануға тосқауыл қойылған. Сонымен қатар, Ұлыбританияда Ғаламторды бақылау қоры мен Балалардың ғаламтордағы қауіпсіздігі бойынша құрылған кеңес те балаларды зиянды ақпараттардан қорғаудың алдын алу мақсатында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасында да балалардың ақпарат әлемінің қызығына тоқмейілсіп еніп алмауын қадағалау үшін ғаламтор арқылы тарайтын қауіп-қатерлерге үнемі мониторинг жүргізіліп тұрады. Қазір сайттарды реттеп, бақылап отыратын арнайы бағдарламалар бар. Ондай бағдарламалар балалардың интернет желісінде қандай сайттарға кіріп жүргендігін анықтап береді.
Шешім
  1. Оқушылардың  әлеуметтік желіде  тиым салынған сайттарға кіруі, бала өміріне қауіп төндіретін қауымдастықтарға тіркелуі ата-ана тарапынан үнемі бақылауда болсын.
  2. Оқушылардың өміріне қауіп төндіретін ВК әлеуметтік желісін дұрыс пайдалануы  мектеп психологы Исагулов М.С. тарапынан мониторинг жүргізілсін.
3-мәселе бойынша   педагог-психолог Исагулов М.С таныстырды.
Мектеп оқушылары арасында  жыныстық тәрбие беру  бойынша мынадай түсініктеме берілді
  • Балаларға гармоналды даму туралы түсіндіру,
  • Организмнің репродуктивті қызметін толық қалыптастыру, 
  • Некесіз баланың дүние келуінің алдын-алу, 
  • Жанұя және некенің нығаюына әсер ету.
Кейбір ересектер жыныстық тәрбие туралы мүлдем ойламайды, ал кейбіреулері ондай жағдайға үлкен қауіптілікпен қарайды. Қандай да бір мәлімет беруді неден, қалай бастау керектігін білмей жатады. Негізінен балаларға   жыныстық сұрақтарды талқылау қиындыққа соқтырмайды, тек оның мәнін ашып түсіндіру қиын болып табылады. Себебі қазіргі заманда барлық мәліметтер телевизор, видеодан ашық көрсетіліп жатыр. Сондықтан  балаға жыныстық туралы айтып түсіндіруде , оның қашан сұрайтындығын күтудің қажеті жоқ. 
  • Жыныстық тәрбиелеуден жыныстық ағарту жұмыстарын ажырата білу қажет. Себебі жыныстық ағарту жыныс және жыныстық өмір жайындағы сұрақтар бойынша анатомо-физиологиялық мәліметтер   туралы жасөспірімдердің толық түрде танысуы болып табылады. Жыныстық ағарту жұмыстарын жасөспірімдерге шамамен 8 сыныптан бастау керек.
Шешім:
  1. Мектеп оқушылары арасында жынстық тәрбиеге байланысты шаралар ұйымдастыру
  2. Оқушылардң ата-аналарына жыныстық тәрбие бойынша әңгіме жүргізу тапсырылады.
  3. Ерте жүктіліктің және ерте жстан жыныстық қатынасқа үсудің зардатар оқушыларға түсіндірілсін.
  4. Қыздар тәрбиесіне ата-ана тарапынан бақылау жүргізілсін
Төраға                           Ғазизова М.Ы.
Хатшы                             Б.Е.Бимуханбетова
Ата-аналар комитеті                      Қалияхметова А.


«Сағакүрес негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің 
мектепішілік ата-аналар  жиынының
№ 3 ХАТТАМАСЫ

  30 желтоқсан  2021 жыл                                                                 Сағакүрес   ауылы
Өткен орны:
Өткізілген уақыты: 15.00
Өткізілу форматы: Офлайн форматта
Төрағалық еткен:                                                          Мектеп директоры Ғазизова 
                                                                                            Марал Ыдырысқызы 
Хатшы:                                                                             Сағакүрес негізгі орта
                                                                                          мектебі директорының тәрбие 
                                                                                          жұмысы жөніндегі орынбасары
                                                                                         Б.Е.Бимуханбетова
Шақырылғандар: Сағакүрес негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, қамқоршылық кеңестің мүшелері - 9, ата-аналар – 65,  қоғамдық ұйымдар – 1.
Қатысқаны: Мектеп мұғалімдері, әкімшілігі, ата-аналар -50, қамқоршылық кеңес-6, қоғамдық ұйым/әкімшіліктен/-1
КҮН ТӘРТІБІНДЕ.
3-жиналыс
Күн тәртібінде:
1.Балалардың жеке бас гигиенасын ұстауына мониторинг
 /медбике Абдіғалымова Ғ./
2.Қысқы демалыс күндеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі
    /ДТЖО Бимуханбетова Б.Е../
Тыңдалды.
1-мәселе
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп медбикесі Абдіғалымова Ғ. сөз алды.
Өз сөзінде гигиеналық білім мен гигиеналық талап туралы түсінік берді. Баланың гигиеналық талаптарды орындауы туралы түсінік бере келе, мектеп оқушыларының арасында гигиеналық талаптарды орындамай отырған оқушыларды таныстырып өтті.
1-9 сынып оқушыларының тазалығын тексеру барысында көбінесе бастауыш сынып оқушылары арасында 1-сыныпта 1 оқушының гигиеналық талапқа сай таза келмеген. 2-сыныпта 2 оқушы , 3-сыныпта 2 оқушы, 4-сыныпта барлық оқушы таза келген. Ал, жоғарғы сынып оқушылары арасынан гигиеналық талапқа сай келгенмен, мектеп формасын қатаң сақтай алмайды. Шаштары өскен оқушыларға ескерту беріліп отырады. 
Шешім.
  1. Мектеп оқушыларының гигиеналық талаптарға сай келуі сынып жетекші және ата-ана тарапынан бақылауға алынсын.
  2. Гигиеналық талаптарды орындамаған оқушылардың ата-аналарына алдағы уақытта хабарламалар жіберілсін
  3. Мектеп оқушылары арасында педикулезге қарсы акция өткізіліп, жеке бас гигиена талаптарын орындаудың  тиімді тұстары оқушыларға түсіндірілсін.
2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойыынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимуханбетова Б.Е. түсіндірді.
Көктайғақ кезіндезардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз: 
- Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:
- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.
- Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:
- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз; 
 - Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз; 
 - Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады. 
 - Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз. 
 - Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз. 
 - Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз. 
 - Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!  Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан  құлау ең қауіпті болып табылады, себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.            
Естеріңізде болсын: әдетте мұз сүңгілері су жиналған жерде пайда болады, сол себепті үйлердің фасадын айналып өту керек. 
Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және мүмкіндігінше ғимараттардың қабырғаларына жақын жүрмеңіз.
Егер тротуарда жүрген кезде жоғарыдан күмәнді дыбыстар шықса, жоғары қарап, не екенін тексерудің қажеті жоқ. Ол жылжыған қар немесе мұз кесегі болуы мүмкін. Ғимараттан алыс қашуға да болмайды. Қабырғаға тезірек сүйеніп, шатырдың шетін қалқа ретінде қолдану керек.
Үнемі қоршалған жер телімдеріне мән беріп, қауіпті жерлерге кіруден бас тартыңыз.
Көктайғақ апаттарынан өз өзіңді қорғаудың ең бір дұрыс тәсілі көшелерде жол жүру ережесін сақтау болып табылады, соның ішінде:
  • автобустың артынан айналып өту;
  • балаларды өз жаныңнан жібермеу;
  • бағдар шамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтпеу;
  • жолдан өтер кезде ең алдымен солға, содан соң оңға қарау;
  • жолдан өтуге дайындалып тұрған уақытта  жол шетінде тұрмау;
  • автобус аялдамасында жүріп жатқан көлікке артыңмен бұрылмау;
  • көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін. 
  • - Мұздың үстімен топтасып жүргенде, бір-біріңнен 5-6 метр алшақ жүрген жөн.
Бірінші жаяу жүргенге бейімдеп, құтқаратын заттарды кигізіп,( мысалы құтқару кеудешесі) ең жеңіл адамды жіберу керек 
- Тыйым салынған жерлерден, су қоймаларындағы мұздан өтеуге болмайды.
 - Мұзды аяғыңызбен жармаңыз.
 - Мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақын келмеңіз.
 - Мұздың бөлек бөлігінде топталып тұрма.
 - Шанамен, шаңғымен тік жар жағадан жұқа мұзға қарай сырғанамаңыз.
Қысқы уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қауіпсіздігіне байланысты ата-аналарға бірқатар түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шешім.
  1. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру ата-аналарға жүктеледі.
  2. Оқушылардың қауіпсіздігі ата-аналарға жүктеліп, ата-аналардан балаларының қауіпсіздігіне жауапты екендігі туралы қолхат алынсын
  3. Демалыс уақытында оқушылармен келеңзіз жайттар орын алған сәтте мектепке хабарлама берілсін.
Төраға                           М.Ы.Ғазизова
Хатшы                          Б.Е.Бимуханбетова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив