Ата - аналарға » "Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқарамасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
" Сағакүрес орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2019

Ата - аналарға

Сағакүрес негізгі орта мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің 
қамқоршылық  кеңесі отырысының
№ 1 ХАТТАМАСЫ

02 қыркүйек 2019 жыл                                                                                                                                        Сағакүрес  ауылы
Өткен орны:
Сағакүрес негізгі орта мектебінің базасы
Өткізілген уақыты:10.00
Төрағалық еткен:                                                     Қамқоршылық кеңестің төрағасы
                                                                              Н.Төлеубаева
Хатшы:                                                                   Сағакүрес негізгі  орта
                                                                              мектебінің математика пәнінің         
                                                                               мұғалімі Г.С. Сағынбек
Шақырылғандар: «Сағакүрес негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі - 4, қамқоршылық кеңестің мүшелері - 9, ата-аналар – 61,  қоғамдық ұйымдар – 1.

 Қатынасқандар:   65 адам
 Күн тәртібінде:          
  1. Жаңа 2019-2020 оқу жылына қамқоршылық кеңес жұмысының жоспарын бекіту.
                                               Қамқоршылық кеңестің төрағасы – Н.Төлеубаева

           Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша – Қамқоршылық кеңестің төрағасы – Н.Төлеубаева:  Қамқоршылық кеңесі жұмысының жоспары  5 бөлімнен құрылғанын және мектептің материалдық-техникалық базасына байланысты анықталған мәселелерге тоқталды. Анықталған ұсыныстарға сай демеушілікпен жиналған қаржыға тиісінше пән кабинеттеріне  қажетті заттар, робот алып беру және әлеуметтік жағдайына қарай көмек қажет ететін балаларға материалдық көмек беру жоспарланды.
 Н.Женісова – ата-ана:  Сіздермен бірге қамқоршылық кеңестің белсенділігін көтерсек, қоғам, ата-аналар тарапынан қойылатын талаптар жергілікті деңгейде шешімін табады деп сенім білдіргім келеді.
Шешім:
1. Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары бекітілсін.
           Кеңес төрағасы                                             Н.Төлеубаева
           Хатшы                                                              Сағынбек Г.


ХАТТАМА №2

08 қараша 2019 жыл                                                                                                                                         Сағакүрес ауылы
2019 жылдың 08 қараша  күні Сағакүрес негізгі орта мектебінде  қамқоршылық кеңестің отырысы болып өтті. 
Қатысқандар: ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
1. Мектеп директорының қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында  бірінші жарты жылдықтағы атқарылған жұмыстардың есебі. 
                                                                                                                                                      М.Ы. Ғазизова
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша  мектептің қамқоршылық кеңесі төрағасы Н. Төлеубаева қамқоршылық кеңес  жұмысының мақсат - міндеттерін қайтадан таныстыра отырып, бірінші жарты жылдықтағы жүргізілген жұмыстарға және аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы отбасына берілген қайырымдылық көмек қамқоршылық кеңес мүшелерінің мектепішілік шараларға қатысуы жөнінде айтып  өтті.  
 Қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен аз қамтылған, жартылай жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 9 балаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Сонымен қатар кеңес мүшелері 50 000 теңгеге мектепке концелярлық тауарлар (файл, регистр, А4 қағаз, түрлі-түсті принтерға бояу) алуға, оқушыларды тарихи жерлерге апаруға  көмек берді. Мектеп директоры М.Ы. Ғазизова                     1 тоқсандағы оқу-тәрбие жұмысы бойынша   атқарылған жұмыстарға, жалпыға бірдей білім беру талаптарының орындалуы туралы қысқаша баяндап өтті.
Шешім:
Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе, төмендегідей шешім қабылданды.
  1. Қамқоршылық кеңестің және оқу-тәрбие жұмыстарының есебі «қанағаттанарлық»  деп танылсын.
  2. Мектеп, ата-ана, оқушы ынтымақтастығын арттыра отырып, қамқоршылық кеңестің жұмысы жандандырылсын.
Қамқоршылық кеңес мүшелері:                                         Қолы:
        1. Толеубаева Нурзия Ашимовна  
2. Ошакбаева Жанар Толегеновна
 3. Женисова Назгуль
 4. Қабдолла Алмахан 
 5. Сарыбаева Кулимжан Есимжановна 
 6. Найманханова Асель 
 7.  Сарайтова Зада Телибаевна
 8. Терезенова  Бибигуль Барлыбековна
 9. Жумабекова Толкын

Хатшы:                    Г.С. Сағынбек

ХАТТАМА №3

30 қаңтар 2020 жыл                                                                                                                                               Сағакүрес ауылы
2020 жылдың 30 қаңтар  күні Сағакүрес негізгі орта мектебінде  қамқоршылық кеңестің отырысы болып өтті. 
Қатысқандар: ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
1. Мектеп директорының қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында  бірінші жарты жылдықтағы атқарылған жұмыстардың есебі. 
М.Ы. Ғазизова
Тыңдалды:
       Бірінші мәселе бойынша  мектеп директоры М.Ы. Ғазизова мектептің  қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында бірінші жарты жылдықтағы оқу-тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарға, жалпыға бірдей білім беру талаптарының орындалуы туралы есебін берді.
 М.Ы. Ғазизова бірінші жартыжылдықтағы жүргізілген жұмыстарға және аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы отбасына берілген қайырымдылық көмек қамқоршылық кеңес мүшелерінің мектепішілік шараларға қатысуы жөнінде айтып   өтті.  
 Қамқоршылық кеңес мүшелері аз қамтылған, жартылай жетім 5 балаға мектепішілік   жаңа жыл мерекесі қарсаңында жаңа жылдық костюмдер алып беріп қайырымдылық көмек көрсетті. 
      2019-2020 оқу жылының І тоқсанын 86 оқушымен бастап, ІІ тоқсанды  84 оқушымен аяқтадық. Оқу озаттары – 14, Оқу екпінділері – 29, Мектеп бойынша білім сапасы – 63,2%,  1-4 сыныптарда, барлығы 44/24оқушы       БС- 71,4%, 5-9 сыныптарда,барлығы 40/20 оқушы БС-57,5%, 
1-9 сыныптарда, барлығы 84/44 оқушы      БС-63,2%. 2019 оқу жылында 1 сыныпқа  17 оқушы, мектепалды даярлық тобына 12 бала қабылданды. Мектепте 23 мұғалім еңбек етеді оның ішінде жоғарғы санатты -8, бірінші санаты-9, екінші санатты-2, жалпы санатты-5. Кіші қызметкерлер саны-9. 
      Білім беру сапасын үздік әлемдік стандарт деңгейіне көтеру мақсатында мектебімізде 1 деңгейлі курстан – мұғалім , «Тиімді оқыту және оқу» 3 деңгейлі курсынан-3 мұғалім өтіп, білімдерін жетілдірді. «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» бойынша -20 мұғалім білім жетілдіру курсынан өтті. 
2019 жылдың 18 қазан  күні   Қызылағаш ауылындағы Жансүгіров атындағы орта  мектебінде    өткен аудандық  «Педагогикалық идеялар фестиваліне»  Сағакүрес негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Н.О. Базаралина  қатысты. 2019 жылдың  05 қараша   күні  «Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»   коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында  оқушылар    арасында аудандық  «Абай,Шәкәрім оқулары» бойынша оқушылар арасында өткен аудандық олимпиадаға төмендегі оқушылар қатыстырылды
Аудандық Дарын ғылыми жоба жарысына қазақ тілі пәні бойынша
 9 сынып оқушысы Қалиахмет Жансая қатысып, ІІІ орынды иеленді (жетекшісі: Кызайбаева Д. 
Аудандық КҒА байқауында рухани жаңғыру бағыты бойынша 5 сынып Садырбек Толғанай қатысып, ІІ орынды иеленді.(жетекшісі: Базаралина Н.)
  Ұстаздар мерекесіне орай 5 сыныпта ашық тәрбие сағаты жетекшісі  Г.С. Сағынбек
      2019 жыл 13-ші желтоқсан күні «Мын бала» ұйымының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларын «Жас қыран»,  «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі мен Тәуелсізді күніне орай салтанатты жиыны өткізілді. «Жас қыран» ұйымына 1 сыныптан 16 оқушы, «Жас Ұлан» ұйымына 5 сыныптан 7 оқушы қабылданды.
      2019 жылдың 13 желтоқсан күні оқушыларға бостандық , теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын түсіндіру, білімдерін кеңейту , Отан байлығын қорғауға , болашақта Отанымыз- Қазақстанды өркендетуге баулу, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 7 сыныпта «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбында шара ұйымдастырылды.
     Тәуелсіздік мерекесіне орай білім саласында еңбегі үшін математика пәнінің мұғалімі Г.С.Сағынбек ауыл әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.     
Шешім:
Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе, төмендегідей шешім қабылданды.
  1. Қамқоршылық кеңестің және оқу-тәрбие жұмыстарының есебі «қанағаттанарлық»  деп танылсын.
  2. Мектеп, ата-ана, оқушы ынтымақтастығын арттыра отырып, қамқоршылық кеңестің жұмысы жандандырылсын.
Қамқоршылық кеңес мүшелері:                                        Қолы:
 1. Калиахметова Анар Журсунтаевна  
 2. Ошакбаева Жанар Толегеновна
 3. Женисова Назгуль
 4. Қабдолла Алмахан 
 5. Сарыбаева Кулимжан Есимжановна 
 6. Найманханова Асель 
 7.  Сарайтова Зада Телибаевна
 8. Терезенова  Бибигуль Барлыбековна
 9. Жумабекова Толкын

Хатшы:                    Г.С. Сағынбек

Похожие публикации:

25 февраль 2022 Мектеп ұжымы
13 апрель 2022 Мектеп тарихы