"Парасатты отбасы"
Ақсу ауданы, Сағакүрес негізгі орта мектебі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру және парасатты тұлғаны дамыту мақсатында 8 сыныпта "Парасатты отбасы" онлайн байқауын ұйымдастырды.