Отбасы бақыт мекені » "Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқарамасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
" Сағакүрес орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
октябрь
2019

Отбасы бақыт мекені

     Отан – отбасынан басталады дегендей, біз Отанымызды, елімізді жанымыздай сүюге және тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, болашағы баянды болуына жан - жақты атсалысуымыз қажет. Отанымызды сүюге тәрбиелейтін бірден - бір орта, ол – отбасы. Отбасы- шағын мемлекет деп текке айтылмаған.
 Қазақстанда отбасы күнін тойлау - отбасы, адамгершілік, рухтан-дырушылық қасиеттің нығаюына, жауапты зайыптылықтың маңыз-дылығын танып-білуге үлес қосу болып табылса, биылдан бастап бұл мереке қыркүйек айының екiнші жексенбісі деп белгіленгелі мектебімізде бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Ең алдымен аудандық білім беру бөлімнің дайындаған «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық жоспарымен танысып, өз жұмысымызға бағыт-бағдар алып, енді міне мерекелік шараларымызды да ұйымдастырудамыз. Ең алдымен мектебімізде «Бірінші сынып оқушыларының ата – аналарына психологиялық көмек» акциясы ұйымдастырылды. Берері мен үйретері көп, мағлұматтармен толықтырылған акцияны 1 – сынып оқушыларының алғашқы ұстазы Базаралина Нуржан Озбековна өткізді. Танымыды да тәлімді шарада ата – аналармен психологиялық тренингтер, «Сіз қандай ата – анасыз?» атты тест өткізілді. Бұл шараға б отбасы келіп қатысып, берілген тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап отырды. Сонымен қатар, шара кезінде ата – аналарға түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасылды.
 Қызықты да қызғылықты сабақ кезінде, балаға дер кезінде көмек беріп, баланы тындағанда ынтамен тыңдаудың нәтижесінде болашақта түрлі қиындықтардың пайда болмауына септігін тигізетінін Базаралина Нуржан Озбековна ата-аналарға ой салып, тәрбиені дұрыс жолға қоюды ұсынды. Сонымен қатар, мектебімізде 5-9  сыныптар арасында «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында тәрбиелік мәні бар, отбасындағы жарасымдылық қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы тәрбие сағаттары да өткізілді.
 Отбасы мерекесіне арналған шаралар жоспары бойынша «Әкем, анам және мен» спорттық эстафеталық ойындар мен ұлттық ойындар да қызықты және тартысты ұйымдастырылды. Оған қатысқан барлық ата-аналар да оқушыларда өздерінің бойларындағы спортқа деген қызығушылығын көрсе-те біліп, отбасы бірлігін, ұйымшылдық, жауапкершілік сезімдерін тағы бір сыннан өткізіп, одан әрі жанұя бірлігін нығайтқандай әсерде болды. Жарыс кезінде оқушыларда ата-аналарынан қалыспай, жеңіске деген құлшыныстарын білдіріп отырды.
 Денсаулықты нығайтып, адам бойындағы күш-жігерге серпіліс беретін осындай спорттық жарыстардың барлығымызға да қажет екендігін жете түсінген жарысқа қатысушылар,- осы жарыстар тағы да жалғасын тапса,- деген тілектерін де айтып жатты.
 Жанұя, отбасы - мемлекеттің ірге-тасы. Ал қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Президентіміз Н. Назарбаевтың 2030-жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасындағы негізгі бағыт-тарының бірі - отбасы болып саналады. Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Сондықтан, өз жанұяларыңды құрметтеуді, сыйлауды, мақтан тұтуды естен шығармайық деген іргелі сөзбен аяқталған шара көптің есінде әлі біраз жүрері анық.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив