Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндігі » "Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқарамасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
" Сағакүрес орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндігі
14
октябрь
2019

Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндігі

   Сағакүрес негізгі орта мектебінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 09 қыркүйектегі № 01-17/3337-И хатына сәйкес, Ақсу ауданының білім бөлімінің 01.10.2019ж. №1114 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 4-14 қазан аралығында Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндігі жарияланды. 
Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру.
           Қыздар ұйымының жетекшісі А. Бакежанова іс-шаралар  жоспарымен таныстырды . Жоғарғы сыныптарда қыздардың құқықтарын іске асырудағы проблемалық мәселелер бойынша қыздарға қажетті мағлұматтар бере отырып , оларды зорлық- зомбылықтан , кемсітушіліктерден қорғау мақсатында  «Қыз болашағы – ел болашағы атты»  тәрбие сағаттары өткізілді. Қыздарды жан-жақтылыққа , салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында қыздар арасында мектепішілік флешмоб жарысы ұйымдастырылды.  Қыз балаларға адамгершілік, адалдық іс-қимыл жүріс-тұрыс дағдысы ,қыз намысы, сымбаты туралы жан- жақты мағлұмат беру мақсатында  «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дебат сабақ өткізілді.  Қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы түсінік беру мақсатында  «Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар » тақырыбында баяндамамен таныстырылды. Сонымен қатар «Қыз сұлу көрінеді қылығымен » атты презентация қорғалды. Қыздарды шаштарын ұзын қылып өсіруге, шаштарын қалай күту керектігін бөлісу мақсатында «Бұрымды қыз» сайысы өткізілді. Қыздарға ата-бабамыздан келе жатқан тыйымдарды үйрету мақсатында қыздарға кеңес берілді. Қыздарды еңбекке , қол өнеріне қызығушылығын арттыру мақсатында қол өнері көрмесі ұйымдастырылды. Қазақтың батыр қыздарын еске ала отырып келешек ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Қазақтың, батыр қыздары »тақырыбында  эссе жазылды.  



 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив