29
сентябрь
2022
"Алтын күз"
«Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 29 қыркүйегі күні химия-биология пәнінің мұғалімі А.К.Саудабекованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларымен "Алтын күз" мерекесі өтті. Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы толық түсіндіру, әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру, күз айларының халыққа молшылық алып келетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу, балаларды бір – біріне сыйластықты, ауызбіршілікті болуға шақыру, өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөз қорларын байыту.





