22
апрель
2022
"Ұлағатты ұрпақ"
Сағакүрес негізгі орта мектебі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің пайдалы бос уақытын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларын орындау мақсатында «Оқушының мәдени нормативі» мәдени-ағартушылық жобасын және «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру платформасының жұмыс істеу жобаларын іске асыру аясында 2022 жылдың І тоқсаны бойынша атқарған іс-шаралардың жүргізілуін төмендегіше хабарлайды:
"Ұлағатты ұрпақ" – бұл мектеп оқушыларын еліміздің мәдени кеңістігіне белсенді түрде енгізу арқылы мәдени ағартудың жаңа форматы, "Мәңгілік Ел" құндылықтарының бүкіл жүйесі негізге алынған өзіндік ұлттық мәдениетке бастапқы ену негізінде әлемдік мәдениеттің жауһарларымен таныстыру. Оқушылардың адамгершілік және рухани дамуына, қазақстандық және әлемдік мәдениет пен өнер туралы шығармашылық құзыреттіліктері мен білімді игеруге, эстетикалық сезімді, Қазақстанның мәдени мұрасын құрметтеуге, қоғамда белгілі бір стандарттар мен нормаларды сақтауға бағытталған мәдени-білім беру алаңы болмақ.
Мектеп оқушыларының адамгершілік және рухани тұрғыда дамуына бағытталған «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасы бойынша 2022 жылдың І тоқсанында 1-9 сынып оқушылары үшін арнайы бейнедәрістер әзірленіп, көрсетілді. Тарих-география пәнінің мұғалімі Н.Т. Бексултанов Қазақстанның киелі жерлерімен таныстырып, слайдтар көрсетті. Әр бейнедәрістің соңында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар оқушылар қазақстандық «Көшпенділер», «Жау жүрек, Мың бала» кинофильімін, шетелдің «Гладиатор» фильімін және «Жәнібек пен Керей», «Алпамыс» мульфильдерін тамашалады. Алдағы уақытта опера, талет, драма өнерінің озық үлгілерімен танысып, әсем музыкалық шығармаларды тыңдайтын болады. Сондай-ақ еліміздегі театрлар, өнер академиялары, музейлер, қорықтар туралы бейнедәрістер жоспарға сәйкес өткізілетін болады. Осындай деңгейдегі жоба жас және жаңа білімге құмар ұрапғы үшін бағдар береді, еліміздің сенімді азаматтарын тәрбиелеуге көмегін тигізеді және жігерге толы жас жүректерді жаулап алады деген сенімдеміз.










