14
октябрь
2021
"Құқық бұзушылықтың алдын алу"
Алматы облысы Білім беру басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың
14 қазан күні құқықтың он күндігіне орай оқу-тәрбие ісінің орынбасары Б.Е. Бимуханбетова "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында 7-9 сыныптар арасында ауылдық учаскелік инспектор Алдабергенов Медет Тоқтарбекұлымен кездесу ұйымдастырылды. Құқық пәнінің мұғалімі Г.И. Тымакбаева құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты баяндама оқып, бейнероликтермен таныстырды. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдарымен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.





