18
October
2023
Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығы
Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Сағакүрес орта мектебінде 2023 жылдың 18 қазан күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің төрағалығымен өткен кеңестің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі №28 хаттамасында бекітілген шешіміне, облыстық білім басқарамсының 12.10.2023ж. №1423-н бұйрығына, аудандық білім бөлімінің 16.10.2023ж. №500 бұйрығына сәйкес "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығы жанынан "Даналық мектебі" құрылып, кабинет ашылды. Мақсаты: балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарға немесе заңды өкілеріне педагогикалық қолдау көрсету жөніндегі әдістемелік ұсыным негізінде ата-ана мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту, ата-аналар арасында оң мәдениетті қалыптастыру. Кабинеттің ашылуына ауыл әкімі Н.Д. Какимбаев, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы, қоғамдастық мүшесі Қ. Дәуітбеков, Әжелер ансамблінің мүшелері, ата-аналар, мектеп ұстаздары қатысты.