02
февраль
2023
"Педагогикалық идеялар фестивалі"
Жетісу облысы Білім беру басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 02 ақпан күні мектепішілік "Педагогикалық идеялар фестивалі" өткізілді. Фестивалдің бағыты коммуникативтік және басқа да құзіреттілік түрлерін дамыту, ұтқыр білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу үшін басшылар мен педагогтердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, тәжірибе алмасу, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, заманауи мектептің кадрлық әлеуетін қолдау. Міндеттері: педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеру, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату, педагог мамандығының оң имиджін қалыптастыру, жаңашыл мұғалімнің құрылымдық-мазмұндық модельін әзірлеу.