01
June
2022
«Лагерьдің ашылуы»
«Сағакүрес негізгі орта мектебі»Education Department of Kerbulak district
2021- 2022 оқу жылының 01.06.-14.06.аралығындағы «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінің күн тәртібі
Күні: 01.06.2022ж
Тақырып: «Лагерьдің ашылуы»
Мақсаты: Балаларды,мейрімділікке,әдептілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сөйлесу мәдениетін дамытып, әдептілікке үйрету.
Көрнекілік: Лагерьді безендірілуі, жалпы лагерь іші-сырты.
Күннің барысы:
1. Балаларды қабылдау, танысу: келген баланың ата-анасымен, өзімен амандасып, лагербдің күн тәртібімен, алға қойған мақсатпен, жоспармен таныстыру. Өзара танысу мәдениетін қадағалау, балалардың ішінен басшылыққа лайықтысын анықтау, топ басшысын сайлау.
2. Таңертеңгі жаттығу: биге лайықты музыка ырғағымен жаттығу жасату.
3. Лагерь ережесімен таныстыру: Лагерь іші-сыртына саяхат жасау арқылы таныстыру, дұрыс-журіп тұруларын қадағалау.
4. Серуен: Балалар далаға шығарып, алты бақанда, карусельде, сырғанақта ойнату, гүлдерді тамашалап, ауылдағы басқа өсімдіктерге бақылау жасату.
5. Серуен: Балаларды далаға шығарып, «Ақ серке», «Көк серке» ойынын ойнату.
6. Балаларды үйге қайтару: Тәрбиешілерге өзара біріне –бірі саулық тілеп, дұрыс көңіл күйлермен қайтуын қадағалау.