17
June
2020
«Жазғы саяхат»
Ақсу ауданы, Сағакүрес негізгі орта мектебінде 2020 жылдың 08 маусым мен 14 маусым аралығында төтенше жағдайға байланысты 2-сыныпта онлайн түрде «Жазғы саяхат» тақырыбында лагерь өткізілді. Онлайн лагерге 5 оқушы белсенді түрде түгел қатысты. Лагерь барысында оқушылар әртүрлі қызықты мағлұматтар алып, ой-өрістері, дүнитанымдары кеңейді. Мысалы, оқушылар онлайн лагерьде әлемдік мұражайларға және әлемдегі көне қалалардың көшелеріне вертуалды саяхат жасады. Сонымен қатар, лагерь барысында онлайн ойын және онлайн конкурс ұйымдастырылып, қорытындысы шығарылып, өткізілген онлайн шаралардың нәтижесі бойынша оқушылар марапатталды. Нақтырақ айта кетсем, 08 маусым күні «Жазғы саяхат» тақырыбы бойынша онлайн түрде лагерьдің екінші аптасының ашылуы болды.
09 маусым күні «Музейлік калейдоскоп» тақырыбында әлемдік мұражайларға онлайн саяхат жасалды.
10 маусым күні әлемдегі көне қалалардың көшелеріне вертуалды саяхат жүргізілді. 11 маусым күні «Best штурман» онлайн ойыны ұйымдастырылып өткізілді. Онлайн ойында туған өлкенің көрікті жерлері туралы айтылды.
12 маусым күні оқушыларға туған өлке туралы сурет салдырта отырып, әндер, өлеңдер орындату арқылы онлайн конкурстың қорытындысы шығарылды.
13 маусым күні жеке вертуалды туралар ұйымдастырылып өткізілді.14 маусым күні 2-апта бойынша «Жазғы саяхат» таырыбына арналып өткізілген онлайн лагерьде атқарылған жұмыстардың есебі жазылып, әлеуметтік парақшаларға жарияланды.