Көру қабілеті нашар адамдарға қажетті
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, соның ішінде көру қабілеті нашар адамдарға қажетті жағдайлар жасау мақсатында қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі (экран дикторы) жобасын іске асырды. Жобаны жүктеу, орнату, қолдану нұсқаулығы және дауыс үлгілері https://screenreader.tilqazyna.kz/ сайтында қолжетімді.