«Өз- тіліңді құрметте»
2020 жылдың 16 қыркүйек күні Ақсу ауданы, Сағакүрес негізгі мектебінің кітапханасында Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесіне орай «Өз- тіліңді құрметте» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.(М.С. Калиакпарова)
Көрменің мақсаты — мектеп оқушыларына ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, кітапты оқуға тарту, оқу мәдениетін арттыру, қазақстандық патриотизмді нығайту. Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі, қазақ халқының ана тілі.
Тіл қай елде болсын, ұлтта болсын қасиетті, қадірлі.
Қазақ тілі — халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра.
Көрменің мақсаты — курсанттарға ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, кітапты оқуға тарту, оқу мәдениетін арттыру, қазақстандық патриотизмді нығайту

