14
October
2019
Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндігі
Сағакүрес негізгі орта мектебінде ҚР Ministry of Education and Scienceнің 2019 жылғы 09 қыркүйектегі № 01-17/3337-И хатына сәйкес, Ақсу ауданының білім бөлімінің 01.10.2019ж. №1114 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 4-14 қазан аралығында Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндігі жарияланды.
Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру.
Қыздар ұйымының жетекшісі А. Бакежанова іс-шаралар жоспарымен таныстырды . Жоғарғы сыныптарда қыздардың құқықтарын іске асырудағы проблемалық мәселелер бойынша қыздарға қажетті мағлұматтар бере отырып , оларды зорлық- зомбылықтан , кемсітушіліктерден қорғау мақсатында «Қыз болашағы – ел болашағы атты» тәрбие сағаттары өткізілді. Қыздарды жан-жақтылыққа , салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында қыздар арасында мектепішілік флешмоб жарысы ұйымдастырылды. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық іс-қимыл жүріс-тұрыс дағдысы ,қыз намысы, сымбаты туралы жан- жақты мағлұмат беру мақсатында «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дебат сабақ өткізілді. Қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы түсінік беру мақсатында «Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар » тақырыбында баяндамамен таныстырылды. Сонымен қатар «Қыз сұлу көрінеді қылығымен » атты презентация қорғалды. Қыздарды шаштарын ұзын қылып өсіруге, шаштарын қалай күту керектігін бөлісу мақсатында «Бұрымды қыз» сайысы өткізілді. Қыздарға ата-бабамыздан келе жатқан тыйымдарды үйрету мақсатында қыздарға кеңес берілді. Қыздарды еңбекке , қол өнеріне қызығушылығын арттыру мақсатында қол өнері көрмесі ұйымдастырылды. Қазақтың батыр қыздарын еске ала отырып келешек ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Қазақтың, батыр қыздары »тақырыбында эссе жазылды.