13
March
2019
Өзін-өзі тану онкүндігі
Сағакүрес
негізгі орта мектебінде дәстүрлі «Өзін өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндіктің ашылу
салтанаты өткізілді. Онкүндіктің
мақсаты: адамгершілік – рухани білім беру «Өзін
– өзі тану» бағдарламасы негізінде тәрбие мен білім беру жүйесінде жан –
жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жастарды адами құндылықтар
әлеміне тарта отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, рухани
дүниелерін дамыту болып табылады.