20
October
2020
«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі»
«Сағакүрес негізгі орта мектебі» Education Department of Kerbulak district «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбындағы атқарылған жұмыстарды төмендегіше хабарлайды:
Оқу жылының басында барлық сыныптарда ата-аналар жиналысында «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» тақырыбында: баяндама оқылды.
Мектеп психологі М.С. Исагулов баланың бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, жағымсыз қасиеттерден арылуға, ата -анамен қарым -қатынасын жақсартуға көмектесу, әдепті, байсалды бала ата-ананың қуанышы екеніне көз жеткізу, ата- ананың жауапкершілігін күшейтуге көмектесу мақсатында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында бастауыш сыныптың ата-аналары мен психологиялық тренинг ұйымдастырды.
8 сынып жетекшісі Бакежанова Анар ата- ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту, ата- аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бірінші істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту мақсатында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында ата -аналармен жиналыс өткізді. Құқық пәнінің мұғалімі Г.И. Тымакбаева жоғарғы сынып ата- аналары арасында
ата-аналарды Қазақстан мемлекетінің негізгі құқықтарымен таныстырып, ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімдегі шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыруда, өз құқықтарын терең сезінуге ықпал ету мақсатында «Ата- ананың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында кездесу және оқушылармен «Бала құқығы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.