17
June
2020
«Менің елім - Қазақстан»
Сағакүрес негізгі орта мектебінде 01.06.2020 мен 07.06.2020 күндер аралығында 1-сыныпта сынып жетекшісі Н.Базаралинаның ұйымдастыруымен 2020 жылғы демалыста балалардың houseжағдайында жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және үйлестіруге бағытталған кең ауқымды қашықтық жобалары бойынша «Менің елім - Қазақстан» тақырыбымен онлайн форматта лагерьдің ашылу салтанаты лагерьдің 1-аптасы өз жұмысын бастады. Мақсаты: Шәкірттерді Отансүйгіштікке баулу,тарихи орындардың маңызын ұғындыру,Мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,туған жерді шексіз сүюге баулу. Салтанатты ашылудан кейін жоспар бойынша «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» деген атпен рәміздерді әспеттей түсу мақсатында Мемлекеттік рәміздер жайлы толық ақпарат балалардың жас ерекшелігіне сай шара өте зор қызығушылықпен өтті. Содан кейін «Обьективте қасиетті орындар» деген тақырыпта өткен виртуалды саяхаттта 1-сынып оқушылары еліміздің қасиетті орындары жайлы толық ақпарат алды. Ал «Ескерткіштер – тарих қорғаушысы» ескерткіш орындарына виртуалды саяхаттан жалпы саяхат жайлы ақпараттары тереңдей түсті.еліміздің көрікті жерлеріне деген сүйіспеншіліктері арта түскенін бүлдіршіндердің қызығушылығынан байқалды.Туған өлке туралы сурет салу және әндер, өлеңдер орындау арқылы онлайн конкурсы жоспардың келесі шарасы болып,өз жалғасын тапты. Балалар өз жас ерекшелігіне қарай түрлі суреттер салып,өлеңдер оқыды. Сонымен қатар Көшбасшы мастер-класс «Өзім біле аламын және басқаны үйрете аламын» атты шараның өтілу барысында өздерінің білгендері мен апта бойы лагерьден алған әсерлерін жинақтап,өте әсерлі жеткізе алатынынан осы іс-шара кезінде аңғарылып тұрды.1-апта бойынша атқарылған жұмыстардың есебі жасалды, жоспарлы іс-шаралар қорытындыланды.